
Еліміздегі экономикалық табыстар, қазақстандық әрбір отбасының әл-ауқатының артуы, өмір сүру стандарттарының өсуі Қазақстанның демократиялық дамуының жаңа кезеңіне берік тұғыр жасап берді. Біздің елімізде саяси жаңару үдерісі бірте-бірте, қажетті экономикалық жағдайлар жасалуына қарай, Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап-бүкіл осы жылдары дәйектілікпен жүріп келе жатқанындығын біз көріп те, біліп келе жатырмыз.
Бүгінгі Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауы қоғамдық үдерістердің, сонымен қатар әлеуметтік саланың серпінді дамуын қамтамасыз ететін маңызды бағдарламалық құжат болып табылады.
Елбасы биылғы Жолдауында қоғамдағы өзекті мәселелер: азаматтардың бостандығы мен құқықтарын қорғау, кәсіпкерлікті қолдау, әйелдердің зейнеткерлік жасын 61 жас деңгейінде 2028 жылға дейін белгілеу, 2023 жылға дейні 100 мың жасты жұмыспен қамту, оларға 2,5 пайыздық несие беру мәселесіне ерекше назар аудара отырып, алдағы мерзімге арналған нақты мақсаттарды анықтап берді.
Ләззат ҚАСЫМБЕКОВА,
аудандық «Ақсу өңірі» газетінің директор – бас редакторы.