Ел дамуының маңызды қадамы

Енді араға бір апта салып, елімізде үлкен маңызды мәселенің басын шешетін референдум өткізеді. Бұл мәселе оңай болайын деп тұрған жоқ. Еліміздің басым бөлігі Қазақстанда АЭС салуды қолдаса, оған қарсы тұрғындар да жетерлік сияқты. Әрине, Қазақстан ядролық апаттардан зардап шегіп, көп қиындықтарды бастан өткергені рас. Міне сондықтан атом туралы айтылған кезде халықтың бойында қорқыныш, үрей басым болуы заңдылық. Бірақ, АЭС салу мәселесін еліміздегі ғалымдар жан — жақты зерттеп, экологияға да, адамдарға да сияны болмайтынын анықтап беріп отыр. Қаншама дамыған елдер атом электр станциясын салдырып, соның арқасында алға жылжып, ел экономикасына зор ықпал етіп отырғанын да біліп отырмыз. Сондықтан, АЭС – Қазақстанның экономикалық және жан-жақты дамуы үшін маңызды қадам деп ойлаймын.

Бауыржан Алипов.

ауыл тұрғыны.

Мәліметпен бөлісу: