Respublica партиясының тең төрағасы, Мәжіліс депутаттығына кандидат Руслан Берденов азаматтармен кездесулердің бірінде мемлекеттік органдардағы демократиялық принциптердің маңыздылығына тоқталды.
«Ел болашағы – халықтың қолында». Демек, халықтың да, партиямыздың да бірінші кезектегі міндеті – демократияның либералдық үлгісінің негіздерін нығайту және сақтау. Бұл біздің қанымызда бар, ата-бабаларымыз да соған ұмтылған. Біздің мақсатымыз – Алашорда қайраткерлері арман еткен мемлекетті құру. Біз осы үшін тынбай әрекет етуіміз керек! Әрқайсымыз тамшыдай болса да өз үлесімізді қоссақ, ел өмірін жақсы жаққа өзгерте аламыз. Халқымыздың біртуар перзенттерінің тағылымын есте сақтау, алашордалықтардың еңбекқорлығы мен отансүйгіштігін көрсету керек», — деді тең төраға.
Respublica партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау өңірлердегі халықпен кездесулердің бірінде ауылдағы медицина қызметкерлері мен мұғалімдердің жұмысын жеңілдету керектігін айтты.
«Біріншіден, қағазбастылықтан бас тарту керек. Олар ауылдағы мұғалім болсын, дәрігер болсын, бюрократиялық мәселелерге немесе әлеуметтік жағдайына алаңдамай, тек тікелей жұмысымен айналысуы тиіс. Сонда ғана білім мен медициналық көмектің сапасы мықты болады!», — деді ол.
Сонымен, сайлау додасының 9-шы күні аяқталды. Партия көшбасшылары мен кандидаттары 700-ден астам адам қатысқан бірнеше кездесу өткізді!
Қатысушылар маңызды әлеуметтік проблемаларды, оның ішінде, құмар ойындарға тәуелділік, инклюзия, халықтың табысының төмендігі, кәсіпкерлердің жұмысындағы кедергілер және т.б. мәселелер қозғалды.