ЕЛ АНАЛАРЫ

8 наурыз — халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Ел аналары» республикалық акциясы аясында 100 жастан асқан ардагер апаларымызға құрмет көрсету мақсатында аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары К.Дәулетбекова Ақсу ауылдық округінде тұратын 100 жасқа толған Айша Жұртбайқызын, Жансүгір ауылдық округінде тұратын 103 жасқа келген Досымбекова Бибісара апамызды,

Қаракөз ауылдық округінде тұратын 106 жасқа толған Орсарина Айтжамал апамызды мерекемен құттықтап, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың құттықтау хаты мен мерекелік сыйлықтар табыс етті. Ұлы Отан соғысы жылдарында «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін» деген ұранмен еңбек еткен, соғыстан кейін әр салада қызмет жасап отбасының ұйытқысы болған кешегі арулар, бүгінгі әжелердің ерлігі елге мұра, ұрпаққа үлгі. Біз әр қашан осындай қайсар рухты апаларымызды мақтан тұтамыз!

 

Балғын Асқарова,

аудандық партия филиалының консультанты

Мәліметпен бөлісу: