
Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Руслан Садуақасұлы Қожасбаев өзінің туған жері Сарқан ауданына барып халқымен кездесіп, атбасын Ақсу ауданына да бұрды. Алдымен келген бетте аудан орталығындағы спорт мектебі мен аудандық орталық аурухана ұжымымен кездесті. Келесі кезекте аудан орталығындағы «Қобызшы Молықбай» атындағы мәдениет үйінде аудан жұртшылығымен кездесті. Сенімді өкілдері Абдрахманов Қадыр Сәкенұлы, Тұрсынов Руслан Несіпбайұлы, әріптесіміз журналист Самал Қабышева, «AMANAT» партиясы Ақсу аудандық филиалының төрайымы Дәулетбекова Күлайхан Тұрсынбекқызы сөз сөйлеп, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Айтбаев ақ батасын берді. Бізге үгіт жұмыстарын жүргізуге болмайтындықтан ары қарай кандидаттың өзін сөйлетейік.
Медицина қызметкерлері ерекше жылулықпен, сеніммен қабылдады – дейді кандидат Руслан Саду. Менің кандидатурамды олар үлкен үмітпен қолдап отырғандарын жеткізді. Осы ауруханаға қандай медициналық құралдардың ауадай қажет болып тұрғанын айтып, өз ұсыныстарын білдірді. Барлық талап — тілектерін жазып алдым.
Бізде жігітше амандасу болды Жансүгіров ауылына келіп едім, кішкентай балапан алдымнан шығып, амандасып жатыр. Міне, тәрбие. Батырдың жолы ашық болсын.
Насихат басталғалы Алакөл, Сарқан, Ақсу аудандарының жер — жерін аралап жүрміз. Халық, бірмандаттық кандидат дегенді дұрыс түсінбейді екен. Бірден, сіз «AMANAT» партиясының мүшесісіз. Сіз партияның атынан түсіп жатырсыз дейді. Иә, мен партия мүшесімін. Бірақ, қазір мен халықтың атынан бірмандаттық округ бойынша кандидатпын. Қарапайым тілде айтсам, мені партия емес, халық сайлайды. Барлық қазіргі шығындар, өзімнің жеке қаражатымнан шығуда.
Ауылдың сыйлы ақсақалы өз батасын беріп жатыр, қабыл болсын