«ЭКСТРЕМИЗМСІЗ ӨҢІР» жобасы

Алматы облысы Прокуратурасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында Талдықорған қаласының «Аналар алқасы» Қоғамдық бірлестігі ағымдағы жылдың 4 мен 20 қараша аралығында «Қоғамда радикалды идеологияның таралуының алдын алу, Қазақстан халқының дәстүрлері мен мәдени құндылықтарына сәйкес келетін сананы қалыптастыру, сондай-ақ дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру мақсатында арнайы контингент арасында «ЭКСТРЕМИЗМСІЗ ӨҢІР» жобасының іс-шараларын жоспарға сәйкес жүзеге асырды.

          Жобаның міндеттерінде 3 бағыт бойынша кешенді атаулы ақпараттық-түсіндіру, нақты оңалту іс-шараларын жүргізу қаралған.

          Соның ішінде жоспарға сәйкес 4 мен 11 қараша аралығында Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты ЛА-155/4, 8, 12, 14 мекемелерінде ведомствоаралық есептен тыс жазасын өтеушілер арасында топтық негізде 10 кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен жекелей негізде оңалту және дерадикаландыру іс-шаралары  жүзеге асырылды.

          Бұл жұмыстарға білікті, республика аумағында елге танымал PHD-доктор немесе ғылым магистрі дәрежелері бар теолог, психолог, тарихшы және саясаттанушылар тартылды.

                   Атқарылған жұмыстар ҚАЖ мекемелеріндегі діни ахуалдың жақсаруына және мемлекеттік бағдарламадағы талаптардың орындалуына оң септігін тигізері сөзсіз…!

Мәліметпен бөлісу: