
Қадірлі ақсулықтар!
Құрметті партияластар!
Сіздерді еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Бүгінгі күн — Ұлы күн, ғаламат күн,
Арайлап атқан күні таңы азаттың.
Ұлттық тойды тойлайық қуанышпен,
Бізбен бірге қуанып дала жатсын.
Кең байтақ жер аманат бабалардан –
Оны қоғау парызы әр азаматтың.
Мерекемен баршаңды құттықтаймын,
Атынан партиямыз «AMANAT» — тың.
Қазақ тіліндегі «аманат» сөзінің мағынасы өте терең. Бұл тұтастай бір ұғым. Оның артында тұтастай бір халықтың дүниетанымы жатыр. Біздің ең үлкен басымдық беретін бағыт халықтың мұң — мұқтажы, халықтың арман — тілегі, халықтың әл – ауқаты. Жаңа құрылған партия осындай ауыр жүкті арқалап, халықтың жағдайын ойлайтын ерекше саяси құрылым. Ауданымызда атқарылып жатқан, алдағы уақытта атқарылатын күрделі мәселелер партиямыздың сайлауалды бағдарламасы мен саяси тұжырымдамасына енгізілген.
«AMANAT» партиясының мемлекет алдында да, халық алдында да жауапкершілігі жоғары. Сондықтан біздегі үлкен мәселе – халқымыздың сенімін ақтау. Ал сенімді ақтау – үлкен аманат.
Мереке құтты болсын ақсулықтар!
Серікхан ЖАҚЫПОВ,
«AMANAT» партиясы Ақсу аудандық филиалының төрағасы.