ҚР БП ҚСжАЕК-нің Жетісу облысы бойынша басқармасы Ақсу аудандық прокуратурасымен бірлесіп Ақсу ауданы ПБ — нің тергеу, анықтау, жедел уәкілдер қызметтері үшін «Е-Заң Көмек, Е-Сараптама, Офлайн – СДТБТ» жобалары бойынша практикалық сабақтармен семинар — кеңесі өткізді.
Ақсу ауданы ПБ-нің жеке құрамына өткізілген сабақ барысында қылмыстық істерді электрондық форматта тергеу, Е-Заң Көмек модулінде адвокаттарды тағайындау және Е-Сараптамаға электрондық сараптама тағайындау барысында туындайтын мәселелер талқыланды.
Жас қызметкерлерге қылмыстық істер бойынша Е-Заң Көмегінде адвокаттар тағайындау және Е-Сараптама модулінде электрондық сараптама тағайындау бойынша қадамдық нұсқаулар берілді, сондай-ақ, әдістемелік және практикалық көмек көрсетілді.
ҚР БП ҚСЖАЕК-НІҢ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БАСҚАРМАСЫ ЖӘНЕ АҚСУ АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫ.