ҮЕҰ ДЕРЕКҚОРЫНА ЕСЕП

Құрметті әріптестер!

2025 жылғы 1 қаңтардан бас-тап үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді ҮЕҰ Дерекқорына ұсынудың кезекті мерзімі басталды.

ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер беру мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламалар мен әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ, ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт бо­лып табылады.

Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді келесі тәсілдердің бірімен ұсына алады:

1) ҮЕҰ Дерекқорының https:// infonpo. gov.kz/ интернет пор­талы арқылы (заңды тұлғаның ЭЦҚ кілті болу керек);

2) уәкілетті органға қағаз және электрондық тасығыштарда (Word форма­тында CDдисктерде немесе USB флэшжинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол ұсынады (ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті).

ҮЕҰ Дерекқорына мәлімет-терді ұсынбау, уақытылы ұсынбау және толық емес неме­се көрінеу, жалған мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.

Ұсынудың соңғы мерзімі – 2025 жылдың 31 наурызына дейін. Барлық сұрақтар бой­ынша келесі телефондарға хабарласыңыз: 8 771 77 2 2746, 8-728 — 32-2-14-12 немесе aksu-ovp@mail.ru электрондық поштаға.

Мәліметпен бөлісу: