Аудан тұрғындарын жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу, жағдайы төмен отбасыларына көмек көрсету күн тәртібінен түспейтін мәселелер болып табылады.
Атап айтсақ: «Еңбек» бағдарламасы бойынша 1007 адам жұмысқа орналасты. Әлеуметтік жұмыс орындарына жоспарға сәйкес 51 адам жіберіліп, оларға 11 млн. 164 мың теңге төленді. Жастар практикасына 51 адам жолданып, 17 млн 900 мың теңге бөлінді. Ақылы қоғамдық жұмысқа — 632 адам жіберіліп, 210 млн 640 мың теңге қаражат бөлінді. 35 мүмкіндігі шектеулі азаматтар жұмысқа орналастырылды.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша көп балалы, аз қамталған отбасыларына жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындалып, өткен жылы 500 отбасының 2693 мүшесіне 221 млн. 552 мың теңге төленіп берілді. 2557 адамға бір ретті түрде 50 млн.теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді.
Ауылдық елді-мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындалып, есепті мерзімге 2374 маманға 329 млн.690 мың теңге төленді.
Өткен жылғы төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты үкімет тарапынан 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлем тағайындалған болатын. Осыған сәйкес, автоматты түрде мемлекеттік сақтандыру қорынан 42 500 теңгеден 28 мың 539 адамға 1 млрд.121 млн.553 мың теңге төленді. Сондай-ақ 2501 абонентке 75 млн. тенгеге коммуналдық шығындары өтелді.
Жағдайы төмен отбасыларына «Біз біргеміз» акциясы шеңберінде 83 адамға 4 млн.150 мың теңге берілді.
Көп балалы, аз қамтылған, толық емес отбасылардың балаларына, жетім балаларға әлеуметтік көмек көрсетіліп, 2367 ноутбук, 59 компьютер, 159 планшет берілді. «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер 11 млн.теңгеге 43 смартфон, 10 компьютер және 5 теледидар таратты. Бұндай игілік шаралар жалғасын таба бермек.
«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 52 жобаны іске асыру үшін барлығы 2 млрд. 148 млн. теңге бөлінген. Осы бағдарлама бойынша 794 адам жұмыспен қамтылды.
Ақсу ауданы әкімінің баспасөз қызметі