Академик Жүрімбек Сыдықовтың туғанына — 100 жыл!
Ақсудың абызы академик атамыз Жүрімбек Сыдықов биыл 100 жаста екенін бүкіл халқы біледі. Атамыздың еңбектері мен қызметтері газетіміздің өткен санында жарияланған болатын. «Тау алыстаған сайын асқақтай түседі» дегендей Алатаудай заңғар биігіміздің артына қалдырған ұлан-ғайыр еңбектері қазақ халқына, елімізге, жас ұрпаққа ерекше үлгі-өнеге. Нәр беріп сусындатқанын артындағы қара ормандай халқы бағалап келеді.
Бұл кісі Қаз ССР ҒА академигі Қаныш Сәтбаевпен бірге істеген. Қаныш Сәтбаев Қаз ССР ҒА президенті болып тұрғанда бұл кісіні батыс облыстарға жіберген. Сол кезде бүкіл Маңғыстау, Атырау даласында жер асты суларын зертттеп, таза суға қол жеткізген. «Үйге көктемде наурыз айынан бастап қарашаның аяғына дейін қар жауғанда бірақ келуші едім» – деп еске алды.
Ала жаздай айдалада палаткамен жатып ыстықта, желде еңбек ету ең қиын кездер екені айтпаса да түсінікті. Сонда Алматыда қалатын жары Маймуна апамыз төрт баламен атамыз келгенше балаларды бағып, тамақтандырып, оқытып қарап отыратын болған. Үкімет жұмысына да үлгерген. Маймуна апамыз бір жағына шығыспаса Жүрімбек атамыз осындай еңбек ете алар ма еді?! Жарына сеніп аянбай еңбек етті. Барлық Қазақстан жерінің жер асты суларын зерттеп, ащы суларды тұщыландыру жолдарын тапты.
Өзіміздің Қапал — Арасан суларын да осы кісі зерттеген екен. Көптеген зерттеулер жасап, 750-дей ғылыми еңбек жазған. Ер еңбегі еленбей қалған жоқ. Бұл кісінің еңбегін шет елдерде бағалап мойындаған.
Атамыздың еңбектері бағаланып, үкіметімізден шет елдерден көптеген марапат алды. Ұлы Отан соғысында қиянкескі ұрыста жасаған ерліктері бір бөлек. Ал енді академик Жүрімбек Сыдықов атамыздың марапаттары:
1. Халықтар достығы ордені;
2. Бірінші дәрежелі Отан соғысы ордені;
3. И.В. Сталиннің ордені;
4. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен жауынгерлік еңбегі үшін»;
5. «Тың жерлерді игергені үшін»;
6. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 20 жыл»;
7. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Жеңіске 25 жыл»;
8. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Жеңіске 30 жыл»;
9. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Жеңіске 40 жыл»;
10. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Жеңіске 50 жыл»;
11. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Жеңіске 60 жыл»;
12. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл»;
13. «Еңбектегі ерлігі үшін В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толу құрметіне»;
14. «СССР-дың Қарулы күштеріне 60 жыл»;
15. «СССР-дың Қарулы күштеріне 70 жыл»;
16. «Еңбек ардагері»;
17. «Г.К. Жуковтың Кеңестік Одағы маршалы»;
18. «Астанаға 10 жыл»;
19. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагері»;
20. «Қазақстан Республикасының ғылымына сіңірген еңбек үшін»;
21. «Тыңға 50 жыл»;
22. «Отанға деген махаббаты мен ерлігі»;
23. «Ерен еңбегі үшін»;
24. «Қазақстан Республикасы геологиясындағы зор еңбегі үшін»;
25. «Украина марапаттары»;
26. «Беларусь марапаттары»;
27. Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Грамотасы;
28. Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет Грамотасы
29. Қазақ ССР-ның ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді.
30. Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері.
Елінің елеулісі, халқының қалаулысы болған атағы асқақтаған атамыздың еңбектеріне үкіметіміз, ел-жұрты осындай үлкен баға беріп, марапаттады. Осы атамыздың осындай еңбектері кейінгі жас ұрпаққа сабақ болып, үлгі-өнеге тұта берсін демекпін.
Сұхбаттасқан: Бекболат АТАМБАЕВ,
Қазақстан Республикасының «Құрметті азаматы», Ақсу ауданының айтыскер бас ақыны, Мәкейтанушы