Достық-өмірдегі ең құнды да киелі ұғым.

Өйткені ол сөздің түбі «дос» дегеннен бастау алатыны. Достық адамдарды етене жақын араластырып, бастарын қосып, жүректеріне жылулық ұялатып, өз ара сенімдерін арттырып үміт отын лаулатып ынта, беретінімен қасиетті. Достық бір-біріне деген жауапкершілік пен қамқорлық, рухани жақындықтың бастауы. Достықтың беретін шабыты әрбір жанның қандайда бір қиындық, сәтсіздік сәттерінде мойымай бірге көтеріп жеңулеріне тигізер әсері де орасан зор.
Атам қазақ: «Аста-тұз тәтті, адамда-дос тәтті»,«Жаңа досың жаныңда болса, ескі досың есіңде болсын. Ол әрқашанда сенімді»-деп бекер айтпаған.
Адамзат тарихында достық ұғымы олардың «адам» деген атқа ие болған дәуірінен бастау алып күні бүгінге дейін әрбір халықтың ұрпақ сабақтастығы болып жалғасып келеді. Қазақ елі тарихында мемлекет құрушы қазақтармен бірге қаншама ұлт, ұлыстыр бір шаңырақ астында бір үйдің баласындай тату-тәтті, өмір сүріп ұрпақтары еркіндікте өсіп-өніп, бейбіт өмір берекетін береке-бірлікпен өткізіп келе жатқандығы етене жақын «достықтың» арқасы дер едік.
Мысалы, Жетісу облысында жалпы қауымға соның ішінде этнос өкілдеріне арнап арнайы салынған Достық үйі ғимараты бар. Ғимараттың әр қабатында арнайы жабдықталған бөлме, залдары отырыс жиын өткізуге ыңғайлы, көркем сахыналар, қазақ тілін тегін үйрену жеке кабинеті, қазақтың ұлылық құндылығын дәріптейтін көне бұйымдармен жабдықталған жартылай көріністегі ашық киіз көрмесі бар. Мұның барлығы да өздері келіп еркін түрде отырыс өткіземіз,қазақи қоғамға қатысы бар мәселелерді талқылаймыз, өз ұлтымыздың салт дәстүрінен насихаттаймыз нәтижесінде ел ертеңі өскелең ұрпаққа татулық, ынтымақ ықпалдастықтың үлгі өнегесін көрсетіп дәріптейміз деген ұжым, қоғамдық бірлестік, кеңестер, орталықтар олардың мүшелеріне тегін беріледі.
Әр ұлттың би үйірмелері кәсіби биші ұстаздар жетекшілігімен тұрақты жүргізіліп тұрады. Жас буын балалардың қатысулары да қызығушылықтары да өте жоғары. Балалар арасындағы нағыз достықтың шынайы үлгісі десек болады. Өйткені олардың арасынан өз елімізді айтпағанда шетелдерге барып бас жүлдеге ие болып келгендері де аз емес.
Бүгінгі таңда, нарықтық жүйеде Достықтың халықаралық мәні де ерекше артып келеді. Ортақ тіл табысу, ортақ мүдде, мақсатты жүзеге асыру деген ұғымдарда әрине «достық» көз қарас ең басты рөл атқаратынын өмір өзі көрсетуде.Ал қазақ жастарының осы үрдісте білім деңгейлері және ғылымға деген ынталары, қабілеттері көптеген әлем елінің сеніміне кіргендері. Мұның да бір нақты көрінісі биылғы жылғы ҰБТ қортындысы бойынша қаншама қазақ баласының шет елдік оқу орнындарына шақырту алулары.
Мінеки сол шетелдіктер біздің Қазақ еліне деген сенімдерін өз достық ниеттерімен бөлісіп ел ертеңі жастар кадрын дайындап беруге қосып жатқан үлестері деп білеміз.
Достық деген ұғымның жалпы көрінісі оның өз арамыз болсын, ұлт аралық болсын адамгершілік жауапкершілігін достық сезімнің нақты шынайылығымен шыңға шығаруында. Өскелең ұрпаққа керегі де, қажеттілігі де осы.
Өркениетті елдер әлем құдіретін бірлесіп адамзат мүдде мақсаты үшін жер ананың кие қасиетін, асты-үсті байлығы, бастысы суы, ауасын таза экология талабына сай пайдалануға ДОСТЫҚПЕН бірге ат салысайық деуі дүниені дүр сілкіндірмейік дегені болар.
Кіммен болса да достығымыз берік болсын ағайын!
Домалақ жер де достық ниеттегі даналардың данышпандығына зәру…
Жұмыр басты пенделер соған бағынышты болғаны достық көңілінің көрегендігі дер едік!!!
Құрметбек Сансызбайұлы.

Мәліметпен бөлісу: