«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!»

Ақсу ауданында Конституция жобасын халыққа кеңінен түсіндіру бағытындағы жұмыстар қарқын алды. Аудандық коалиция мүшелері «Есіктен есікке» акциясы аясында елді мекендерді аралап, тұрғындармен тікелей кездесулер өткізуде.

Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, енгізілетін өзгерістердің мәні және олардың елдің тұрақты дамуына ықпалы жан-жақты түсіндірілді. Коалиция мүшелері құжаттың басты мақсаты – заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен әділеттілігін арттыру екенін атап өтті.

Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, референдумның маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Әрбір азаматтың дауысы – ел болашағына қосылған үлес екені ерекше айтылды.

Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан бұл ақпараттық-түсіндіру жұмыстары халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, қоғамда белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған.

Әрбір тұрғынның пікірі маңызды. Бірге әрекет етіп, әділетті Қазақстанға нық қадам басайық!

Мәліметпен бөлісу: