«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аудандық коалициясының мүшелері Ж.Сыдықов атындағы орта мектеп ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында коалиция мүшесі Конституцияның жаңа жобасының негізгі бағыттарына кеңінен тоқталып, алдағы референдумның ел дамуы үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, билік тармақтарының тиімділігін арттыруға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.

Сондай-ақ жаңа жобада қоғамдағы әділдік пен ашықтық қағидаттарын орнықтыруға басымдық беріліп отырғаны айтылды. Бұл өз кезегінде мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтып, халықтың шешім қабылдау үдерістеріне белсенді қатысуына мүмкіндік береді.

Жиын еркін форматта өтіп, мектеп ұжымы өз ой-пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Қатысушылар референдумның мазмұны мен мәні туралы жан-жақты ақпарат алып, ұсынылған өзгерістерге қатысты пікір алмасты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулердің басты мақсаты – әрбір азаматқа толық әрі түсінікті ақпарат жеткізіп, саналы таңдау жасауына жағдай қалыптастыру. Ақпараттық жұмыстар алдағы уақытта да білім беру мекемелері мен еңбек ұжымдарында жалғасын табады.

Мәліметпен бөлісу: