2022 жылдың 26 қарашасы күні Қазақстан Президенті болып қайта сайланған Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты ұлықтау рәсіміне Ақсу аудандық Халықтық коалиция қоғамдық штабы атынан «AMANAT» партиясы Ақсу аудандық филиалының атқарушы хатшысы, штаб жетекшісі мен өзім және аудандық мәдениет үйінің режиссері, штаб мүшесі А.Елубаева екеуміз тарихи шараға қатысып, керемет әсер алдық. Президент байқаушылардың, сарапшылар мен журналистердің берген бағасы негізінде сайлау әділ әрі ашық өткендігін атап өтті.
Сайлауға қатысқан барша жұртқа ризашылығын білдіріп президенттікке ортақ кандидат ретінде ұсынған халық коалициясы мүшелеріне рахметімн білдірді, өзінің дауыс берген азаматтардың ғана емес, бүкіл Қазақстан халқының алдында есеп беретіндігін мәлімдеді. Қазақта «Байлық не керек, адалдан жимасаң, билік не керек, әділдік құрмасаң»,-деген сөз бар. Бұл – бұлжытпайұстанатын өмірлік қағидатым — деді. Баршамыздың ортақ мақсатымыз – заң мен тәртіп үстемдік құратын, азаматтардың құқығына лайықты құрмет көрсетілетін Әділетті Қазақстанды құру. Қоғамды трансформациялап, Қазақстанды шынайы демократиялық институттары дамыған елге айналдыру үшін ауқымды жұмыс атқару керектігін тоқталды. Сонда ғана ұлттың жаңа сапасын қалыптастырып, қастерлі тәуелсіздігімізді нығайтамыз.
Алдағы жеті жылда атқарылатын шараларды және оларды шешу жолын ұсынды. Бірнеше Жарлыққа қол қойды. Соның ең біріншісі ауылды дамыту мәселесі Үкіметке ауылды дамытудың 5 жылға арналған нақты жоспарын әзірлеуді тапсырды. Алдыға қойған мақсат – міндеттерді бірлесе жүзеге асыруға шақырды. Еліміздің дамуы өз қолымызда екендігін ұмытпай, адал еңбек етіп, Әділетті Қазақстанды бірге құрайық!
К.ДӘУЛЕТБЕКОВА,
«AMANAT» партиясы Ақсу аудандық филиалының атқарушы хатшысы.