ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ СЕМИНАР КЕҢЕС

Ағымдағы жылдың 25 шілде күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Жақыпов Серікқан Амангелдіұлының төрағалығымен құқықтық жаппайоқыту бойынша іс – шараларды өткізу шеңберінде бірлескен се­минар жиын өткізілді.

Семинар барысында 4 сұраққа түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда:

1. «Әдеп қағидалары» жаңа редакциясының нормалары мен талаптары түсіндірілді. 22.02.2022 жылғы №814 енгізілген өзгерістерге сәйкес.

2. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі профилактикалық түсіндіру.

3. Террорситтік актілердің алдын алу жөніндегі ҚР ІІМ методикалық ұсынымдарын түсіндіру.

4. Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі түсіндіру.

Аталған семинар жиынға аудан әкімінің аппаратының қызметкерлері, мемлекеттік мекемекелердің басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

***

Ақсу ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мекеме, бөлім қызметкерлерінің Жетісу облысы әдеп жөніндегі уәкілі Ғабит Тұрсынбайұлымен кездесуі өтті.

Кездесу барысында әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларынның 6 қағидатын сақтау туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша өзек- ті мәселелерге тоқталды.

Әдеп нормаларынның қағидаттарына өзгерістер енгенін айтып, соның ішінде ашықтыққа баса назар аударылғанын айтып өтті.

Мемлекеттік қызметшінің әдебі алдына келген қарапайым адамдармен дұрыс қарым — қатынас жа­саудан басталатынын тілге тиек етті. Мемлекеттік қызметке келгенде қабылдаған анттан аттамай, адал қызмет ету мемлекеттік қызметшінің басты парызы екенін ескертті.

Басқа облыс, аудандарда болған келеңсіздіктер мен қаралған мәселелерді мысалға ала отырып, кеңінен түсіндірді.

Әсіресе сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу осы саладағы басты мәселе екеніне нақты тоқталды.

Кездесу еркін, ашық форматта өтті. Ғабит Тұрсынбайұлы өзінің еңбек жолындағы тәжірибесімен бөлісіп, мемлекеттік қызмет барысында және одан тыс уақытта әдеп нормаларын қатаң сақтау қажеттігін айтып жиынды қорытындылады.

Мағжан ШЫНДӘУЛЕТ.

Мәліметпен бөлісу: