Әдеп Кодексі-әділдік пен адалдықтың негізі


Әдеп кодексі – бұл әлеуметтік және кәсіптік қатынастарда адамгершілік нормаларын, тәртіптерді және мінез-құлық ережелерін белгілеуге арналған құжат. Әдеп кодексі ұйымдар, кәсіпорындар, мемлекеттік қызметтер және тіпті жеке адамдар арасында да қолданылуы мүмкін. Оның негізгі мақсаты адалдықты, ашықтықты және кәсіби этиканы сақтау арқылы қоғамдық және кәсіби қатынастарды жақсарту.
Әдеп кодексі ұйым немесе мемлекет тарапынан қабылданған этикалық нормаларды белгілеу арқылы әділ және адал әрекет етуге ықпал етеді. Бұл қызметкерлер мен басшылар арасында сенімділік пен сыйластықты нығайтады.
Әдеп кодексі ұйым ішінде құқық бұзушылықтарды болдырмауға және қызметкерлердің құқықтарын қорғауға көмектеседі. Кодекстің болуы ұйым ішінде қандай да бір даулы жағдайлар туындаған жағдайда нақты бағыт-бағдар береді.
Әдеп кодексі ұйымның мәдениетін қалыптастыруға және нығайтуға үлес қосады. Ол қызметкерлер мен басшылардың ортақ этикалық стандарттарға сәйкес әрекет етуін қамтамасыз етеді. Кодекс әдептілік стандарттарының мақсаты мен негізгі принциптерін белгілейді. Мұнда адалдық, жауапкершілік, кәсіби шеберлік сияқты құндылықтар көрсетіледі. Әр қызметкер мен басшының құқықтары мен міндеттері анықтайды. Бұл бөлімде жұмыс орындарындағы мінез-құлық нормалары мен ережелер нақты көрсетеді. Кодекс этикалық тұрғыдан дұрыс емес әрекеттерді анықтап, олардан қалай аулақ болу керектігі туралы нұсқаулар береді. Бұл, мысалы, жемқорлық, дискриминация және қызметтік мәліметтерді теріс пайдалану сияқты мәселелерді қамтиды.

Аудан әкімі аппаратының басшысы
әдеп жөніндегі уәкіл Б.Ермуханбетов

Мәліметпен бөлісу: