Дені саудың жаны сау

Жуырда Суықсай ауылдық округінде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астанамыздың 20 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Дені саудың, жаны сау» атты қысқы спорттық ойын өтті.

Спорттық іс-шара Суықсай ауылдық округ әкімі Мерекенов Ғалымжан Қанатбекұлы, мәслихат депутаты Сексенбаева Раушан Қантайқызының қатысуымен ашылды. Қысқы спорттық ойынға Ю.Гагарин атындағы орта мектебі, «Таңшолпаным» балабақшасы, әкімшілік және ауыл жастары сонымен қатар М.Маметова атындағы орта мектебі және емхана ұжымы, мәдениет қызметкерлері қатысты. Ұйымдастырылған іс-шара мынадай кезеңдерден тұрды:

Ерлер арасында 2000 метрге шаңғы жарысы, әйелдер арасында 1000 метрге шаңғы жарысы, ерлер арасында 3000 метр қашықтыққа жүгіру, биіктіктен сырғанақ тебу, мекемелер арасында арқан тартыс болды. Ерлер арасында шаңғы жарысынан 1-ші орынға ие болған Егеубек Бағлан, 2-ші орын иегері Кадиров Санат, 3-ші орын Әлімғазы Арман, және де әйелдер арасында 1000 метрлік шаңғы жарысында ерекше белсенділік көрсетіп, топтан алға шыққан Рыспаева Гулнур 1-ші орынға ие болды. Ерлер арасында өтілген 3000 метр қашықтыққа жүгіруден ауыл жастары ерекше көрінді. 1-ші орынға ие болған Молдажанов Жарқын, 2-ші орын Төлеухан Азамат. Мекемелер арасында биіктіктен сырғанаудан және арқан тартыста белсенділік көрсетіп, мекеме ұжымдары жоғары дайындықпен келгені көрінді.

Аталып айтылған орын иегерлері арнайы дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Осы іс-шараға атсалысып, денсаулық саласына үлес қосқаны үшін барлық мекеме қызметкерлеріне өз алғысымызды білдіреміз.

Арман ӘЛІМҒАЗЫ,

Суықсай ауылдық мәдениет үйінің музыка жетекшісі,

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Мәліметпен бөлісу: