Елбасымыздың жыл сайынғы Жолдаулары жанға қуат, көңілге медет беруде. Жастарымыздың Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауынан жаңа бастамалар, жаңалықтар күтуі жақсы әдетке айналып келеді.
Биылғы Жолдаудың мәні ерекше деп айтуға болады. Президент өз Жолдауында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» басты 10 негізгі міндетті айқындап берді.Бұл негізінен еліміздің дамуындағы саяси маңызды парасатты қадам.Бұл дегеніміз не? Егер де біз Тәуелсіздік алғаннан бері экономикамызды құру үшін жаңа институттар, жаңа бағдарламалар әзірлеген болсақ, енді біз жаһандық экономиканың қауіп-қатерлеріне жауап беру үшін жаңа экономикалық модельді ойлап табуымыз қажет. Және де осы модель Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы кезеңіне сайма-сай келеді және көптеген салаларды қамтитын болады.
Бұл тұрғыда елімізде шағын және орта бизнестің дамуына қолдау жасалуы, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мүмкіндіктері кеңінен пайдаланылуы ілгеріге жетелейтіні анық. Сондықтан өзім сияқты жастарға айтарым қазіргі дамыған жаһандық заманда мемлекет тарапынан кәсіп, өз ісімен айналысуға мүмкіндік беретін көптеген бағдарламалар қабылданып жүзеге асуда, сондықтанда батыл қадам жасап, қолыңнан келетін шаруамен айналысып, жұмыс істеп, еліміздің дамуына мүмкіндігімізше өз үлесімізді қосу — бәріміздің міндетіміз.
Жастар Жолдауды орындауда әрдайым алғы шептен табылатындығына сеніміміз мол. Бір сөзбен айтқанда болашаққа батыл қадам жасайық, жастар дегім келеді.
А.ҰЗАҚОВ,
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының
есеп және статистика секторының меңгерушісі.