Арасан ауылының Сырттанов атындағы орта мектебінде «Балауса» жазғы лагерінің ашылуына орай 1 – маусым күні «Балаларды қорғау» күні мерекесінде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С.Акашеваның ұйымдастыруымен мерекелік концерт және ұлттық ойындар өткізілді. 3 – 6 маусым күндер аралығында мектеп алаңында қазақ үй тігіліп, лагерге 120 оқушы қамтылды. Ұлттық құндылықтарымызды жас ұрпаққа насихаттау, өн бойына ұлттық тәрбие, рухани қасиеттерді сіңіру мақсатында қазақ үйді әдемі, қазақи нақышта безендіріп, ұлттық жәдігерлер, аспаптар қойылып, оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасын қолдау мақсатында маусымның 3 күні Арасан ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Әлімқан Мұқияттың ұйымдастыруымен қазақтың ұлттық аспабы домбыраны және атақты күйші Құрманғазы, Дина, Ықылас, Тәттімбет бабаларымыздың күйлерін насихаттау мақсатында домбыра үйірмесіне қатысып жүрген оқушылармен күй тартысы өтті. «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй»,-деп хакім Абай жырлағандай күй тартысы оқушыларға оң әсерін тигізіп, керемет көңіл – күй сыйлады. 4 маусым күні Арасан ауылдық кіптапханашысы Шапиық Әлиманың жетекшілігімен «Кітап – рухани азық» атты буккросинг ұйымдастырылды.
Аталмыш іс – шараның мақсаты қазіргі таңда интернет желісін шамадан тыс пайдаланып, кітап оқуға белсенділік танытпай жүрген жас ұрпаққа кітап оқудың пайдасы мен құндылығын дәріптеу, қызығушылықтарын ояту. Жас оқырмандар өздері оқыған кітаптар жайлы мәліметтерімен бөлісті. Жалпы кітап көрмесі жас ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды дарыту, оқырман санын көбейту. Маусымның 5 – ші жұлдызында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Р.Ж.Ақсубаеваның жетекшілігімен жыр құлагері, Ақсу өңірінің ақыны І. Жансүгіровтің 125 жылдығына орай ақынның шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында оқушылар ақынның шығармаларын жатқа, мәнерлеп оқыды. Маусымның 6 – сы күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Е.И.Мұратбековтың ұйымдастыруымен оқушылар арасында қазақтың ұлттық ойындары; қол күрес, арқан тартыс, асық ату, ақ серек пен көк серек, сақина салмақ, бес тас ойындары ойна
тылды. Мақсаты; оқушыларды жылдамдыққа, ептілікке, шапшаңдыққа баулу, қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеу. Мектеп алаңындағы лагерьде оқушылар осы күндер аралығында барлық іс – шараға толықтай қатысып, өз белсенділіктерін көрсетті. Аталған іс – шараларға жетекшілік еткен мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С.Акашева лагерьдің қызықты, сәтті, тиімді өтуіне көп жағдай жасап, жоғары деңгейде өтуіне ат салысты. Жалпы мектеп лагерінің мақсаты — жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дарыту, рухани жаңғырту, ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіру, уақытты тиімді пайдалану, оқушылар арасындағы достық қарым – қатынасты нығайту, рухани мұраларымызды дәріптеу. Раушан АҚСУБАЕВА, Сырттанов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі.