Бижамал емші

       Шүйінші ағайын, жерлестер! Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, аудандық «Ақсу өңірі» газетінің бұрынғы редакторы, жиырмадан астам кітаптың авторы Мұхаметәлі Найманханұлының тағы да бір кітабы жарық көрді. Мен аудандық газетте Жайлау ағамызбен бірге қызмет ете жүріп, жазушының осымен бесінші, жоқ алтыншы кітабына пікір жазып, оқырмандардан шүйінші сұрадым. Ойша есептеп көрейін. «Көкөзекке көктем күліп келеді», «Барлыбек баяны», «Даңқ орденді дәрігер», «Діңгек», «Кесенедегі құс ұясы» және осы жаңа кітап «Бижамал емші» кітабы. Бірінші аталған «Көкөзекке көктем күліп келеді» кітабына жазғаныма күмәнім бар, ұмытып от- ырмын, ал, қалған кітаптарға нақты жаздым. Шыққан кітаптарға пікір жазуды Жайлау аға маған тапсыратын. Сөзімнің кішкене дәмі бар ғой. Кітап туралы тәтті ойларым жоғарыда аталған кітаптарға жазылып кетіп, енді бұл кітапты қалай ашсам, басқаша, ерекше жазсам деп отырып Республикаға танымал жас ақын Дүргімбайдың Қызырбегінің кітап туралы мына бір өлеңі ойыма түсті: Кітабын кетті ұсынып бір ағамыз, Көзіне түсіп бәлкім ұнағамыз. Ұйқасына сүрініп қалды тілім, Жаңа кітап (Жалаңаш әулие) туралы тың деректерді оқуға болады. Оқып қана қоймай, қаншама тәрбиені, қаншама сырды санамызға тоқуға болады.

        Сондай – ақ, жерлесіміз, Ақсу өңірінің тумасы, көріпкел, емші, қажы Бижамал апамыз жайлы да сыр тарқатылады. Кітаптың сыртқы мұқабасының өзі әдемі көз тартарлық, ішкі беттері де ақ, жылтыр қағазға басылған. Әріптері ірі, оқуға ыңғайлы. Мұхаметәлі Қазбанбетов бұл кітапты газетімізде қызметте жүргенде бастап, кейінгі кезде қатты науқастанып, ауыр отадан осы Бижамал апамыздың киесі, құдіретінің күшімен аман – есен жазылып шықты ма деп те ойлаймын. Ауруханадан шыққан соң бастаған істі аяқтап, осы басылым жарық көріп отыр. Ендеше, Бижамал апамыздың өзі айтқандай ырым қылып, «…Әлі талай кітап жазасың. Кітап шығару үшін де ең ал- дымен денсаулық, сонан соң қомақты қаржы керек. Қазақтың қарны тоймай, санасы толмайды» деген сөзімен қорытындылап, деніңіз сау боп, әлі та- лай кітап жаза беріңіз – деп тоқтатайық.

Ербол СЫМХАНОВ,

жауапты хатшы.

Мәліметпен бөлісу: