Терроризммен күрестің бір тетігі — ұлттық тәрбие. Қазіргі уақытта терроризм мен экстремизмнің таралу қаупі еліміздің қауіпсіздігіне төнетін шынайы қауіпке айналып отыр. «Террор» ұғымы қазіргі әдебиеттерде диктаторлық немесе тоталитарлық жүйелердің өз азаматтарына қатысты күш қолдану және үрей тұғызу саясатын сипаттауда қолданылады. Терроризм — ұйымдасқан топ діттеген мақсатына жету үшін дүрсін-дүрсін күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс. Қазіргі жағдайларда террористер аманат алуды, қоғамдық мәндегі ғимараттарды басып алу, жарып жіберу, ұшақтарды алып қашу және басқа да әрекеттерге барады. Террористік әрекеттер қашанда жариялы түрде жүреді және қоғамға, билікке әсер етуге бағытталады. Б.Сырттанов ауылдық кітапханасында «Біз терроризімсіз әлемді қолдаймыз» атты шок урок ұйымдастырылып, адастырушы діни ұғымдар туралы мәлімет беріліп, терроризм акті жасалған жағдайдағы әрекеттер туралы жадынамамен таныстырылды. Мақсаты — терроризммен күресу мемлекеттік органдардың ғана борышы емес, әрбір қазақстандықтың міндеті екенін ұғындыру. Бір сөзбен айтқанда терроризм қазіргі заманның өткір ғаламдық мәселелеріне айналды.Қазақстан мемлекеті терроризм, лаңкестік және экстремизм сияқты қауіп — қатерге бөгет болып, сүттей ұйыған бірлікті шайқалтуға, ел ішінде туындауы мүмкін бөлінулерге төтеп беруі қажет.
Назира АУБАКИРОВА,
«Nur Otan» партиясының мүшесі, Б.Сырттанов ауылдық кітапханашысы.