Біз темекісіз Қазақстанды қолдаймыз!

 Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәлiметтерiне сүйенсек, Жер шарындағы 2 миллиард жас темекiнiң түтiнiмен уланған. Әлемде 1 миллиардтан астам шылымқорлардың 80%-ға жуығы темекі шегумен байланысты аурушаңдық пен өлім-жітімнің ең ауыр ауыртпашылығы тиесілі табыс деңгейі төмен және орташа елдерде өмір сүреді. Әлемде өлім-жітімнің басқа кез келген себептеріне қарағанда, жүрек-қантамыр ауруларынан көп адам қаза табады, ал темекі шегу мен темекі түтінін қайта жұтудың әсеріне жүрек ауруларынан болатын өлім-жітім дерегінің шамамен 12%-ы тиесілі. Темекі шегу жоғары қан қысымынан кейінгі жүрек-қантамыр ауруларының екінші себебі болып табылады.

Ал Қазақстан халқының 27 пайызы (4 миллион адам) темекi тартады. 4 миллионның 600-ден астамы – қыз-келiншек болса, 140 мыңы – 15-18 жас аралығындағы кәмелеттiк жасқа толмаған жасөспiрiмдер болып табылады. Сол себепті Ақсу аудандық орталық ауруханасының СӨС (ЗОЖ) кабинет мамандарының ұйымдастыруымен арнайы коммисия құрылып:

  • халыққа жауапты денсаулық сақтайтын мінез-құлық пен шылымқорлықтан саналы түрде бас тарту дағдыларын қалыптастыру;
  • адам ағзасына шылымқорлықтың зиянды әсері туралы түрлі жастық категориядағы халықтың ақпараттық деңгейін арттыр;
  • кәмелеттiк жасқа толмаған жасөспiрiмдердің шылымқорлықты шектеу және алдын алу мақсатында қоғамдық рейд өткізілді.

Ауданымызда орналасқан бірнеше сауда орындары мен дүкен сатушыларына  ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы»  Темекі бұйымдары мен алкогольді тұтынудың профилактикасы және оны шектеу яғни 159-бабына сәйкес;

  1. Темекі бұйымдарын:
  • он сегіз жасқа дейінгі адамдарға сатуға және олардың сатуына;
  • темекі бұйымының ашық қорабынан немесе бір-бірлеп сатуға;
  • сатушының тікелей қатысуынсыз, сауда автоматтары, өзге де электрондық немесе механикалық қондырғылар арқылы;
  • денсаулық сақтау, білім беру, дене шынықтыру мен спорт ұйымдарының ғимараттарында және аумақтарында;
  • өнім сапасын растайтын тиісті құжаттарсыз;
  • акциздік таңбалармен немесе есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалаусыз;
  • егер темекі бұйымының қорабында жиырма сигареттен кем болса;
  • темекі бұйымының қорабына темекі бұйымдарын тұтынудың зияны туралы ескерту енгізілмесе;
  • темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына он сегіз жасқа толмаған адамдарға сатуға тыйым салынғаны туралы жазба енгізілмесе;

 

  1. Темекі бұйымдарын сату жүзеге асырылатын орындардағы көрнекі жерде мынадай мазмұндағы: «Темекі бұйымдарын он сегіз жасқа дейінгі адамдарға сатуға және олардың сатуына тыйым салынады» деген жазба, сондай-ақ темекі бұйымдарын тұтынудың зияны туралы уәкілетті орган бекіткен ескерту орналастырылуға тиіс.

 

  1. Темекі бұйымдарының саудасын жүзеге асыратын адамдар жас шамасы сырт келбетіне қарағанда он сегізден жасырақ көрінетін азаматтарға темекі бұйымдарын сату кезінде:

 

  • сатып алушының шын мәніндегі жасын анықтау мақсатында жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуін талап етуге;

 

  • егер жеке басын куәландыратын құжат көрсетілмесе, темекі бұйымдарын сатудан бас тартуға міндетті.

 

Жоғарыда көрсетілген тармақтар бойынша  түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы парақшалар таратылды.  Аудан тұрғындарының денсаулығын нығайтуға бағытталған қоғамдық рейд әлі де жалғасады.

 

Ақсу аудандық орталық ауруханасы СӨС дәрігері: Қалиханқызы М.

 

Мәліметпен бөлісу: