«Кешегі өткен күн бүгінгі тарихымыз болып саналады. XX-шы XXI-ші ғасырдың тоғысында туған еліміздің тарихында мың жылда бір-ақ рет болатын Ұлы оқиға орын алды. Ол Ел астанасының қарт Алатаудың баурайынан қазақтың кең жазира даласы Сарыарқаның нақ төсіне көшіп келуі еді. Келесі жылдың 10 желтоқсаны күні Жаңа Елордамыздың – Тәуелсіз Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланғанына 20 жыл толады.
Ұлы даламыздың елордасы – Астанамыздың 20 жылдық мерекесі қарсаңында «Астана қаласының құрылысына атсалысқан азаматтар» айдарымен жариялап отырған алғашқы мақаламыздың кейіпкері жерлесіміз, қазіргі кезде Астана қаласында, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі,Ақсу ауданының «Құрметті азаматы» Ләззат Сүлейменова жайлы болмақ.
Ләззат Жаңылысқызын мен өзім кішкентай кезімде көргенмін. Ол кезде Ләззат апай ауданда комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып жұмыс істейтін. Ауданда «Сиқырлы қазан» т.б. байқаулар өтетін. Халқымыз «Болатын бала боғынан»,- демекші мен де 2 – 3 сыныптан бастап, сол байқауларға қатысып жүрдім. Сол кезде менің бала көзім ол кісінің жанарынан жылылық пен үлкен мейірімділік көретін. Ол кісі өзі — кітап оқу, ән салу, домбырада ойнауды ұнататындықтан өнерлі балаларды жақсы қолдайтын. Одан бері қаншама жыл өтті. Екінші рет студент кезімде 1996 жылы Жамбыл Жаба-евтың 150 жылды-ғында облыста жастар арасында айтыстан Бас жүлде алғанымда көріп, қолынан диплом алдым.
Ләззат Жаңылыс-қызы Сүлеймен. 1961 жылы 10 ақпанда Талды-қорған облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Абай атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ педагогикалық инс-титутын математика мамандығы бойынша, 1992 жылы Ресей мемлекеттік Әлеуметтік институтын Экономика және еңбек социологиясы мамандығы бойынша бітірген.
Әлеуметтану ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1977 жылы Ақсу тәжірибе шаруашылығында жұмысшы болып бастаған. Институтты бітіргеннен кейін, Сиқымов атындағы орта мектепте мұғалім, директорының орынбасары болды. 1986 жылы аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. Содан кейін Талдықорған облыстық жастар ісі жөніндегі комитет төрағасының бірінші орынбасары, төрағасы және Талдықорған қалалық әкімшіліктің ішкі саясат және әлеуметтік бөлімінің меңгерушісі болды. ҚР информация және қоғамдық келісім Министрлігінде бас маман (1997-98), Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының информациялық-талдау бөлімінің кеңесшісі, меңгерушісі қызметтерін атқарды. Халық депутаттары Ақсу аудандық Кеңесінің және Халық депутаттары Талдықорған облыстық Кеңесінің (1986-1992) депутаты. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған. Ақсу ауданының «Құрметті азаматы».
Ләззат Сүлейменқызы Астана астана болғалы сол астанамыз ғана емес еліміздің дамуына үлес қосып келе жатқанын мақтанышпен айта аламыз. Оның – «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы – жасампаз жоба. Бұл – сіз бен біздің қуатымыз, еліміздің көне тарихы мен бүгінін жалғастыратын алтын көпір. Біз бүгінде ғылыми өндірісі, инновациясы дамыған елге айналдық. Еліміздің ішкі жағдайында ғана емес, халықаралық қоғамдастықта да танымал болдық. Бұл – әлеуметтік мемлекет құрудың нәтижесі. Біз бүгінмен ғана өмір сүрмейміз. Келешекті жоспарладық және жүзеге асырамыз. Мәңгілік ел болу – біздің өз қолымызда. Мәңгілік Ел, мәңгілік өнер, мәңгілік әдебиет, мәңгілік ғылым, мәңгілік халық болсын! Мәңгілік Ел жасасын!- деген сөзі соның дәлелі деп білемін.
Ербол СЫМХАНОВ.