Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бүгінгі жарияланған «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты үндеуін оқып, өткен күндерді еске түсті.
Еліміз ең алғаш Тәуелсіздігін алған шақта қиын кездерді бастан өткерді. Сол заманды да береке-бірлігінің арқасында жеңіп бүгінгідей бақытты күнге жетті. Елдің еңсесі тіктеу үшін, жас мемлекетімізді аяққа тұрғызуға Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бар күш жігерін жұмсады. Елбасының көреген саясатының арқасында әлемге аты әйгілі мемлекеттермен достық қарым-қатынасқа түсіп, тереземіз тең жағдайға жеттік.
«Бірлік бар жерде, тірлік бар» — дегендей. Біз біріксек бағындырмайтын белес пен алынбайтын қамал жоқ. Елбасы елі мен жұртының бүгіні мен келешегін ойлайтын жанашыр азамат екенін бәрімізге белгілі. Еліміз 30 жылдың ішінде әлем танымастай өзгеріп, өзгелерге үлгі боларлық мемлекетке айналды. Ауыл шаруашылығын қолдап, кәсіпкерлерге барлық жағынан жағдай жасады. Бізде Елбасы үндеуіне үн қосып, елімізге қолдан келгенше көмек қолын созудаиыз. Кемел келешек жолында еліміздің дамуына үлес қосу, бүгінгі жас ұрпақ пен біздің қолымызда ! Жұмылған жұдырықтай әрекет етіп, бұл індетпен күресуде бірлігімізді тағы бір сәт көрсетейік!
Біз біргеміз !
Бауыржан Баймұханов,
«Б.Сырттанов» бастауыш партия ұйымының
мүшесі,
«Дарина » шаруа қожалығының басшысы.