«BIR TOLQYNDA»: ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

Бүгін Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайында «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының ұйымдастыруымен өңірдің белсенді жастарын біріктірген «BIR TOLQYNDA» кездесуі өтті.
Іс-шараның қонақтары әрі спикерлері қатарында «AMANAT» партиясы Жастар қанатының төраға орынбасары Ержан Хамитов, танымал кино продюсері, режиссер әрі актер Ерлан Қасымжанұлы, психолог, блогер және қоғам белсендісі Әсем Қалибек, Жетісу телерадиосының үздік жүргізушісі Сымбат Саттарқызы, «Назар серілері» тобының продюсері әрі кәсіпкер Ерасыл Базарханов, кәсіпкер-блогер Ажар Каримова және ұстаз, кәсіпкер, блогер Ерке Нұрланова, сонымен қатар диалог алаңына өңірдің аудан-қалаларынан келген жастар ұйымдарының жетекшілері, «Жастар Рухы» Жастар қанатының белсенділері мен қолдаушылары, студенттер және еріктілер қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру, көшбасшылық қабілеттерін дамыту, жаңа идеялар мен бастамаларды қолдау, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жастардың қатысуын күшейту.


Басқосуда спикерлер жастармен ашық пікір алмасып, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Олар жетістікке жету жолындағы маңызды қадамдар, кәсіби даму, өзін-өзі жетілдіру, азаматтық белсенділік пен көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру жөнінде ой қозғады.
Өз сөзінде «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ төрағасының орынбасары Ержан Хамитов жобаның алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.
– «BIR TOLQYNDA» – бұл бір реттік кездесу емес. Бұл – жастарды ортақ алаңға біріктіріп, жаңа идеялар мен мүмкіндіктерге жол ашатын үлкен бастама. Бүгін біз жобаны бірнеше өңірде қатар өткізу арқылы жастар арасындағы байланысты нығайтып, тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасадық. Алдағы уақытта жоба өз жалғасын тауып, еліміздің барлық аймағын, әсіресе аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендерді қамтиды деп сенеміз. Мұндай диалог алаңдары дәл осы күні еліміздің бірнеше өңірінде бір мезетте өтті. Атап айтқанда, Жамбыл, Ұлытау және Жетісу облыстарында жастардың өзекті мәселелерін талқылауға арналған кездесулер ұйымдастырылды. Бұл бастама жастар арасындағы байланысты күшейтіп, жаңа жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Мәліметпен бөлісу: