Бір тәулікте 40 баладан коронавирус анықталды

Алматы облысында коронавирустық инфекцияның өсу қарғыны 0,6%-ға жетіп отыр. Ауру ең көп тіркелген аймақ, Алакөл, Жамбыл, Қарасай, Кербұлақ, Райымбек, Сарқан, Талғар және Кеген аудандары. Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Соңғы тәулікте өңірде 432 адамның індетке шалдыққаны тіркелді. Өкініштісі, соның ішінде 14 жасқа дейінгі 40 баладан аталған дерт анықталды. Сондай-ақ, 20 оқушы, 3 студент, 8 ұстаз бен күш құрылымдарының 4 қызметкері вирус жұқтырған.
Әлі де КВИ-ға қарсы екпе салу жұмыстары жалғасын табуда. 20 қаңтардағы жағдай бойынша Алматы облысында бірінші компонентпен 974 327 адам егілді. Екпенің екінші бөлігін 878 484 тұрғын салдырды.
Сонымен қатар, 95 017 адам «Qaz Covid-in», «Sinopharm Vero Cell» вакцинасымен ревакцинация курсынан өтті және 1172-і «Пфайзер» компаниясының «Комирнати»вакцинасымен ревакцинацияланды.

Мәліметпен бөлісу: