
Мемлекет басшысының биылғы жылғы Жолдауында еліміздегі жоғары білім мен ғылымды дамыту мәселелеріне айрықша назар аударылды. Ал бұл мәселелер экономикамен біте қайнаса отырып жандануы қажет. Әрине, білім-ғылымды дамытпай, елді алға сүйреу мүмкін емес деген пікірлер бұрыннан айтылып келеді және ол барлығына белгілі. Бірақ та бұл пікірлер нақтылы бағыттар болмағаннан кейін іс жүзіне аспай қалатын. Ал биылғы Жолдауда аталған саланы дамытудың нақтылы даму жолдары белгіленіп, бағыттары айқындалды. Сондай-ақ, Жолдауда айтылған ауыл шаруашылығы салаcын дамытуға байланысты ойларды да айрықша атап өтуге болады. Себебі, Қазақстан-үлкен территорияны алып жатқан ел. Бұл ретте, ауыл шаруашылығы жаңа технологиялар мен цифрландыруды қолданысқа енгізу негізінде ғылыми жетістіктер негізінде жедел дамып отыруы қажет. Бұл ретте Жолдаудағы жаңа ақпараттық технологияларды дамыту жөніндегі пікірлер де көңілімнен шықты. Себебі, жаңа заманға сай ақпараттық технология қоғамның дамуына сеп болады деп ойлаймын.
Тынышбаев Берік Тынышбайұлы»Әлихан» шаруа қожалығының басшысы Облыстық мәслихат депутатты