Бүгін әлемге Қазақстанды танытып жатырмыз. Осы жұмыстың бәріне бас — көз болып жүрген осы біздің партия, партия жетекшісі — Елбасымыз. Иә, өзінің қоғамдық істерімен, халықтың әлеуметтік жағдайына ықпал етіп, ел сеніміне кірген партиямыз бүгінде көшбасшы партия атанды. Мен осы беделі биік «Нұр Отан» партиясының мүшесі болып, өз партиямның ұсынысымен аудандық мәслихат депутаты болдым. Аудандағы ең жас депутатпын. «Жас келсе іске»,-дегендей өз қызметіме кіріскелі өзіме бекітілген №11 «Қапсалан» сайлау округіне қарасты Қызылағаш ауылында көптеген игі істердің басы – қасында болдым.
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі — халықтың білімге деген құштарлығын арттыру болса, «Нұр Отан» партиясы осы орайда еліміздегі кітапханалардың қызметін жаңғыртып, оларды жаңа заманға сай қайта құру жобасын қолға алып, «Коворкинг» орталықтарын ашуда. Себебі, кітапханалар тек кітап оқитын орын ғана емес, түрлі семинар — тренинг, түрлі дәрістер өтетін, жастар жиі бас қосып, уақыттарын тиімді өткізетін білім орталығына айналуы тиіс. Осындай орталықтардың бірі өткен жылы біздің де мәдениет үйімізден ашылды.
«Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай «Қызылағаш» бастауыш партия ұйымы да әртүрлі игілікті, қайырымдылық іс – шараларын өткізуде. Олармен бірге бірлесіп жұмыс жасап, ел алғысын арқалап келеміз.
Мерекеміз құтты болсын!
Марат Естібаев,
аудандық мәслихат депутаты.