Басқа елге бет алған білікті мамандарды қалай қайтарамыз?

Жалпыұлттық социал — демократиялық партия (ЖСДП) барлық қазақстандар үшін тегін жоғары білім енгізуді ұсынады. Бұл білімді азаматтарымыздың шетел асуы­на кедергі болып, кәсіби мамандардың тапшылығына қатысты мәселені шешуге септігін тигізеді.

Күні кеше ЖСДП ұйымдастыруымен өткен «Білім беру жүйесіндегі мәселелер жөнінде» атты дөңгелек үстел ба­рысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, ЖСДП Жастар қанаты жетекшісі Мақсұт Насибулов:

«Кейде біздің үкімет басқа әлемде өмір сүріп жатыр ма деп ойлап қаласың. Билік басындағылардың көші-қон сая­саты концепциясын қарастырып, қазақстандық азаматтықты алғысы келетін шетелдіктер үшін шектеулер енгізгенін басқаша қалай түсіндіруге болады? Үкіметтегілердің ойын­ша, шетелдіктер біздің елде тұруды армандайды-мыс. Бір жағынан, тапшы мамандықтар бойынша 500 үздік маман­ды елімізге тарту жөнінде ойланғаны да бар. Өзіміздің азаматтарымыз шетел асып жатқанда, шетелдіктер бізге расымен пайдалы бола ала ма?»,-деп мәселе көтерді.

Статистикаға сүйенер болсақ, жыл сайын қазақстандық мектептерден түлеп ұшатын оқушылардың 60 мыңы шетелге оқуға түседі. Оған бірнеше себеп бар: білім сапасына кері әсерін тигізетін орта және жоғары білім беру мекемелеріндегі жемқорлық және ҚР-дағы тым қымбат білім ақысы. Шетелдік жоғары оқу орындарындағы білім біздің елмен салыстырғанда әлдеқайда арзан.

«Білім беру мекемелерінде емти­ханды сатып алу тәжірибесі кеңінен таралғандығы жасырын емес. Мұның бәрі мемлекеттік экономикамыздың ақсаңдауына әкеп соқтырады.

Мәліметпен бөлісу: