Баршаға қаржылық сауаттылық: инклюзивті жоба қарқын алуда

      Отбасылық бюджетті қалай дұрыс бөлуге болады, жинақты қайда салған тиімді және алаяқтардың құрбанына айналмаудың жолы қандай? Осы және басқа да қаржыға қатысты маңызды сұрақтарға инклюзивті ақпараттық портал DeFacto FM командасы “Робокэш.кз” МҚҰ (бренді – «Займер») қолдауымен үшінші ай қатарынан жауап беруде.

Бірегей, инклюзивті, сараптамалық жоба

      Әр апта сайын DeFacto FM YouTube арнасында қаржылық сауаттылықтың маңызды аспектілерін қамтитын мазмұнды бағдарламалар шығады. Әрбір шығарылым – қызықты, түсінікті әрі анық ақпарат, қаржы, киберқауіпсіздік, психология және социология саласындағы танымал сарапшылардың пікірлерімен толықтырылған.

Бұл білім беру жобасы тек жалпы аудиторияға бағытталмаған, ол ерекше қажеттіліктері бар адамдардың мұқтаждықтарын да ескереді. Мәселен, әрбір бағдарлама қазақ және орыс тілдерінде жарық көріп, ымдау тілімен сүйемелденеді. Сонымен қатар, жүргізушілердің өздері – мүмкіндігі шектеулі жандар, олар Талдықорған қаласындағы “Мейірім” ҚБ-нің аясында жұмыс істейтін DeFacto FM порталының командасында шығармашылық әлеуетін жүзеге асырып келеді. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жан-жақты қолдаумен бұл қоғамдық бірлестік 2014 жылдан бері айналысып келеді.

      – Біздің ұйым – көмек күтіп отырмайды, керісінше, өз бетінше жобалар жасап, жүзеге асыратын инклюзивті команда, – дейді “Мейірім” мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлвира Таубалдинова (суретте).

     – Біздің бастама мүгедек жандарды жұмыспен қамтуға, әлеуметтік бейімделуге және толыққанды өмір сүруге бағытталған. Олардың өз мүмкіндіктерін шектемей, жаңа мүмкіндіктер табуына көмектесеміз. Біздің авторлық ұзақ мерзімді жобаларымыздың бірі – “Инклюзивті ақпараттық портал DeFacto FM”, оны бесінші жыл қатарынан жүргізіп келеміз. Қазіргі таңда көптеген жетістіктерге жеттік, бірақ басты мақсатымыз – өзін-өзі қаржыландыру деңгейіне шығу, сол үшін біз белсенді түрде жаңа жол іздеудеміз. Әрине, бұл оңай емес. Көптеген компаниялар мүгедек жандар білікті деңгейде жұмыс істей алмайды деген қате пікірмен бізбен серіктес болудан бас тартады. Бірақ бұл – үлкен қателік. Біз үйренеміз, қиындықтарды еңсереміз, бірақ ешқашан тоқтамаймыз. Иә, қателіктер болуы мүмкін, бірақ олар бізге алға жылжуға көмектесетін құнды тәжірибе береді.

      Портал қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселелерді белсенді көтеріп, қоғамдық іс-шараларды қамтып, жергілікті және халықаралық ауқымдағы инклюзивті жобаларға қатысады.

– Қаржылық сауаттылықтың төмендігі халықтың осал топтары үшін өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі болып қала береді, – деп жалғастырды Гүлвира Таубалдинова. – Адамдар жиі қаржылық қақпанға түседі, алаяқтардың құрбанына айналады,

Тәуекелдерді толық елемей, несие алады. Біз осы салада білім беру жобасын іске қосуды бұрыннан армандадық, спикерлер шақырып, тренингтер ұйымдастыруға тырыстық, бірақ аудитория күрделі қаржы тілін қабылдай алмайтынын байқадық. Сөйтіп, бізге “Робокэш.кз” МҚҰ-мен бірлескен жобаға қатысу мүмкіндігі туды. Бұл біздің алғашқы коммерциялық тәжірибеміз, және ол шынымен құнды болды.

“Займер” қолдауымен жүзеге асырылып жатқан инклюзивті порталдың бұл жобасын бірнеше себепке байланысты бірегей деп атауға болады. Жүргізушілер – мүгедек жандар, олар қоғамды толғандыратын мәселелерді көтереді. Барлық ақпарат қолжетімді, қарапайым тілде, күрделі терминдерсіз және ымдау тілінде беріледі.

– Біздің командамыз үшін бұл жаңа сынақ болды, бірақ олар бұл міндетті абыроймен атқарады. Олар тек білім алып қана қоймай, өз күштеріне деген сенімдерін нығайтты, – дейді DeFacto FM жобасының негізін қалаушы Гүлвира Таубалдинова. – Сарапшылармен қарым-қатынас олардың болашақта қажет болатын дағдыларын дамытуға ықпал етті. Біз үшін бұл тек бастамасы ғана, алда қоғамға нақты пайда әкелетін жаңа жобалар күтіп тұр.

А-дан Я-ға дейінгі қаржылық сауаттылық

    Қазіргі уақытта эфирге он шақты бағдарлама шықты, онда мынадай тақырыптар қозғалды: депозиттер, несиелер, жинақтау құпиялары, “байлық” психологиясы мен қаржылық тәртіп, қаржы пирамидалары мен алаяқтық, киберқауіпсіздік және инвестиция негіздері. Бағдарлама сарапшылары арасында Қазақстанда және одан тыс жерлерде танымал мамандар бар:

          •        Юрий Ли – әлеуметтік инноватор, Stop-Piramida.kz және Sapa-Sauda.kz жобаларының негізін қалаушы;

          •        Евгений Питолин – DataStar басқарушы директоры, QAZTECH Альянсының Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің тең төрағасы;

          •        Надия Букейханова – денеге бағытталған психолог-терапевт;

          •        Зарима Атабаева – “№1 Қаржылық сауаттылық мектебінің” басқарушы директоры және басқа да сарапшылар.

     “Займер” жүргізген сауалнама нәтижелері бойынша, қазіргі таңда респонденттердің 75%-ы қаржылық күйзелісті бастан кешіруде. Сондай-ақ, екінің бірі қаржылық білімнің жетіспеушілігінен қиындықтарға тап болатынын мойындаған. Сондықтан бұл форматтағы бағдарлама нақты ұсыныстар беретіндігімен құнды, әрі ол қаржылық әл-ауқатқа жетудің жол көрсетушісіне айналуы мүмкін.

   – Қаржылық сауаттылыққа арналған жоба өте өзекті, өйткені қаржылық тәуелсіздік – психологиялық әл-ауқаттың маңызды аспектісі, – дейді екі рет қатысқан сарапшы ретінде Надия Букейханова. – Көп жағдайда қорқыныш пен сенімсіздік қаржыға ие болуға кедергі келтіреді, және дәл осы жерде психологиялық тәсіл ішкі шектеулерді жеңуге көмектеседі. Бұл саналы қаржылық шешімдер қабылдауға, сенімділікке және шынайы дербестікке жетуге жасалған құнды қадам.

      «Бүгінде инклюзивті білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ әркімнің қаржысын қауіпсіз әрі ыңғайлы басқаруына мүмкіндік беретін цифрлық шешімді енгізу аса маңызды. Біз қаржы жүйесінің барлық адамға, олардың физикалық мүмкіндіктеріне қарамастан, қолжетімді болуы үшін жұмыс істеуіміз керек. Мен мүгедектігі бар адамдардың қаржылық сауаттылығын арттыру олардың қаражаттарын тиімді басқаруына, жаңа табыс көздерін табуына және болашағын сенімді жоспарлауына мүмкіндік беретініне сенімдімін»,- «Робокэш.кз» («Займер» брендінің) МҚҰ бас директоры Алмаз Торутаев.

Мәліметпен бөлісу: