Бала тәрбиесі ұлт тәрбиесі

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінде балалар арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығын атап, білім беру ұйымдарындағы тәрбие ісіне ерекше назар аударуды тапсырды. Осыған орай 2024 жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы әзірленіп, ауданымыздың барлық білім беру ұйымдары осы бағдарламамен жұмыс істеуді бастап кетті.
Білім алушылардың біртұтас тұлғасын қалыптастыруға білім бөлімі, ішкі істер бөлімі, медицина қызметкерлері, білім беру ұйымдарының қызметкерлері, ата-аналар бірлесе жұмыс атқаруда. Білім алушылардың бойында құндылықтарды дамыту мектептердің оқу-тәрбие процесі жағдайында жүйелі ұйымдастырылады. Бұл міндетті іске асыру білім беру мазмұны, сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шаралары арқылы жүзеге асырылуда.
Аудан бойынша құқықбұзушылықтың алдын-алу, жыныстық тиіспеушілік, зорлық-зомбылықты болдырмау бойынша аудандық прокуратура, аудандық полиция бөлімі, аудандық аурухана мамандарымен бірлесіп, білім беру ұйымдарын аралап, дәріс өткізілді. Ата-аналармен оқу жылының басталуына орай жиналыстар өткізілді, ата-аналардың жауапкершіліктерін арттыру мақсатында бала қауіпсіздігі, өмір қауіпсіздігі туралы отбасылық тәрбие туралы және тағы да басқа жадынамалар мен флаэрлер таратылды. Жоғарғы сыныптар арасында «Балаларға қатысты қатігездіктің алдын алу» тақырыбында жиналыстар өткізіліп, жадынамалар мен кітапшалар таратылды.

Мәліметпен бөлісу: