Ұрпақ — ғұмыр жалғасы, тіршілік көзі. Қай халық болсын, үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінін түтететін артына ұрпақ қалдыруды көздейді. Бұл дүниеде не тәтті, бала тәтті. Не сүйкімді, не қымбат, не артық деп сұралса, бәріне де бауыр етің балаң десек қателеспейміз.
Бала – біздің көз қуанышымыз, жанымызға жылу сыйлайтын, ізімізді жалғастырушы ұрпағымыз.
Атамыз қазақ «Бала — адамның бауыр еті», «Балалы үй — базар»- дейді.
Өйткені, бала – өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Осындай жалғасымыз өмірге келгенде ең алғаш куә болатын әрине перзентхана қызметкерлері. Перзентхана — жүкті, босанатын және босанған әйелдерге, жаңа туған сәбилерге перзентханадан шыққанша көмек көрсететін медициналық мекеме.
Жаңа жыл қарсаңында қызым Әйгерім Маратқызы өмірге балпанақтай сәби әкелді. Есімін Медина қойдық. Қуанышымызда шек жоқ.
«Ақсу өңірі» газеті арқылы сәбидің аман – есен жарық дүниеге келуіне себепкер болған перзентхана қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді.
Бөлімше меңгерушісі – Гүлзира Күзбаева, акушер – гинеколог – Алма Смағұлова, аға акушерка – К.Нусупова, акушеркалар – А.Қалдыбаева, Б.Бабысова, И.Мұхаметчина, А.Орманбекова, Г.Мырзаханова, медбикелер – С.Камбылова, Б.Балгадынова, С.Бабысова, Ж.Егізбаева және тазалықшылар Н.Әлімсияева, З.Даданбекова, С.Бекова мен З Бекова, Л.Нұрбаева, Г.Нұршанова және Г.Урмановаларға шексіз рахметімді айтып, жаңа жылда еңбектеріне жеміс, сәттілік тілеймін. Өмірге әкелетін сәбилер көп болып, Қазақстанымыздың халық санын көбейте беріңіздер дегім келеді.
Алғыс білдіруші апасы – Алшынбаева Бағдат АЯЗБАЙҚЫЗЫ.