Бала асырап алу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру

Достар, біз, әдеттегідей, мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде алу жолдарымен бөлісуді жалғастырамыз. Бүгін #oqy&toqy айдарында Баланы асырап алғандар үшін тиісті куәлікті қайталап алуға қалай өтініш беру керектігін айтамыз!
Ол үшін:

  • Egov.kz порталына кіріп, авторизациядан өтіңіз
  • Азаматтарға тарауынан «Отбасы» бөлімін таңдаңыз
  • «Ұлды/қызды асырап алу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру» қызметін тауып, онлайн сұрау салыңыз
  • Әрі қарай асыраушы туралы мәліметтерді толтырып, төлем жүргізіңіз (қызмет құны – 1 АЕК)
    Дайын құжат электронды форматта 1 жұмыс күні ішінде дайын болуы тиіс!

Мәліметпен бөлісу: