БАҒЫТЫМЫЗ АЙҚЫН, КЕЛЕШЕГІМІЗ КЕМЕЛ

«Ақын Сара» атындағы мәдениет үйінде өткен «Нұр Отан» партиясы Ақсу аудандық филиалының кезекті ХХІV есеп беру – сайлау Конференциясында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Қасымбеков Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдау, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары К.Дәулетбекова Ақсу аудандық партия филиалының Саяси Кеңесінің 2017-2018 жылдарғы атқарған жұмысы туралы баяндама жасады. «Молықбай» бастауыш партия ұйымының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты А.Досмұхамбетов, «Шоңай батыр» бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасары, аудандық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Темірханов, аудандық СЖҚІҚЖ қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары, партия ардагері Б.Құрманғалиева, «Орталық» бастауыш партия ұйымының мүшесі, аудандық «Жас Отан» ЖҚ мүшесі, жеке кәсіпкер Ф.Абибулаев, «Ақын Сара» бастауыш партия ұйымының мүшесі аудандық аурухананың салауатты өмір салтын сақтау бөлімінің дәрігері М.Қалиқанқызы, «Матай» бастауыш партия ұйымының мүшесі Матай локомотив депосы есеп бөлімінің бастығы М.Рахымбаев сөз сөйлеп, аудандық партия филиалының Саяси Кеңесінің 2017-2018 жылдарғы атқарған жұмысына қанағаттанарлық деген баға берді. Саяси Кеңес мүшелері және Алматы облыстық партия филиалының ХХІV кезекті Конференциясына делегаттар сайланды. Бастауыш партия ұйымдары есеп беру мерзімі аралығындағы жұмысы туралы арнаулы стендтер қойып, таныстырды

Ләззат ҚАЛМҰХАМБЕТҚЫЗЫ.

Мәліметпен бөлісу: