
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалар – аманатымыз!» акциясын өткізу. Аталған шара барысында еліміздің барлық аймағында бір уақытта аз қамтылған және көп балалы отбасыдан шыққан балаларға балмұздақ үлестіріліп, көңілді іс-шаралар өткізу қарастырылған.
Шараны Көшкентал бастауыш партия ұйымының төрайымы — Айдана Уясбаева жүргізді.

Шарада балалар ән айтып, ойын ойнап, асфальтқа сурет салып, ұлдар велосипедпен жарысып, 100 м жүгіріп, қыздар скалкалкамен секіріп, би билеп өз өнерлерін көрсетті . Көптеген спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға сыйлықтар берілді. Кітапханашы “ Жазғы демалыста кітап оқимыз” тақырыбында кітап көрмесімен таныстырды, шара соңында балалар кітап жаздырып алды. Шара барысында құттықтау сөз кезегі Көшкентал ауылдық округ әкімшілігінің бас маман іс жүргізушісі Ә. Бекболат және Көлтабан негізігі орталау мектебінің педагог ұйымдастырушысы С. Бағыланқызына берілді. Шара соңында Көлтпбан елді мекенінің көп балалы аналары өз ризашылықтарын білдіріп дастархан жайын алғыстарын білдірді.
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ»
«AMANAT» партиясы Ақсу аудандық филиалы, Суықсай бастаыш партия ұйымының ұйымдастыруымен, «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында көпбалалы отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді.