Бұл шешім де Президентіміздің көрегендігін көрсетеді

Биыл еліміз қиын кезеңді еңсерді.  Жыл басы  “Қанды қаңтар” оқиғасымен басталып, ел тәуелсіздігіне нұқсан келе жаздады.

Мемлекет басшысы Қаңтар оқиғасына байланысты бүгінгі Жолдауында:  «Бізге ел бірлігі ауадай қажет. Ереуілге қатысқандар да, күштік құрылым қызметкерлері де – өз азаматтарымыз.

   Мемлекет қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдетті. Заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отыр. Оларға кешіріммен қараған дұрыс деп ойлаймын.

Сондықтан, мен қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым.” деді. Бұл шешім де Президентіміздің көрегендігін көрсетеді.

Аманкелді Айтбаев

Ақсу ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы

Мәліметпен бөлісу: