Мен ЖШС «Ақсу өңірі» газетінің директор — бас редакторы Қасымбекова Ләззат Қалмұхамбетқызы сайлауға барып, өз таңдауымды жасадым. Қазақстанымыздың болашағы жарқын болуы үшін, мықты мемлекеттердің қатарына қосылу — біздің орта буын үшін ортақ міндет деп санаймын. Бүгінгі күн өте ерекше күн болмак. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, болашақ жастарымыздың өмірі жарқын болып, Ел қамын ойлайтын мықты көшбасшымызды сайлап, игілікке және ЖАҢА бастамаларға кенеле берейік.
Ләззат ҚАСЫМБЕКОВА,
«Ақсу өңірі» ЖШС – нің директор – бас редакторы.