БҮГІНГІ КҮН ЕЛІМІЗ ҮШІН МЕРЕКЕ

Еліміздің болашағы үшін, болашақ ел тізгінін ұстар көшбасшысын таңдау үшін бүгін Ақсу халқы таңғы 6,00 ден бастап өздерінің сайлау учаскелеріне жинала бастады.

Бүгінгі күн еліміз үшін мереке.

Мен Ақсу аудандық «Ақсу өңірі» газетінің жауапты хатшысы, үкіметтік емес ұйым «Өмір нұры» ақпараттық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сымханов Ербол Әбдікәрімұлы осы сайлаудың жоғары деңгейде, ешқандай құқық бұзушылықсыз, дұрыс өтуін қадағалайтын «Партиялық емес байқау орталығының» Ақсу ауданы бойынша байқаушыларының кординаторымын.

Біздің байқаушылар өздеріне бекітілген сайлау учаскесіне таңғы сағат 5,30 дан бастап барып, өздеріне жүктелген жұмысты бастап кетті.

Олардың айтуы бойынша сайлау учаскесінде ешқандай үгіт – материалдары ілінбеген, дауыс беру кабиналарында сиясы өшпейтін дұрыс қаламсаптар қойылған және жәшіктер бос болды. Сағат 6,00 де сайлау комиссиясының төрағаларымен бірге жәшіктердің аузын бекітіп, бюльетендерді санап, мерекенің салтанатты ашылуына қатысқан.

Сайлау Ақсу ауданында тыныш, жоғары деңгейде жүріп жатыр.

Ербол Сымханов,

«Ақсу өңірі» газетінің жауапты хатшысы, «Партиялық емес байқау орталығының» Ақсу ауданы бойынша кординаторы.

Мәліметпен бөлісу: