
Осыған орай, Матай ауылында №41 учаскелік сайлау комиссиясы жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де дауыс беру үшін ашылды.
Мұнда 643 сайлаушы бар. Ауыл тұрғыны Клара Чинасиловна сайлау учаскесіне алғашқы болып келіп, өз таңдауын жасады.
«Бүгінгі референдумның орны айрықша деп білемін. Азаматтар бұл науқанға жауапкершілікпен қарауы керек. Өйткені, әр дауыс елдің тағдырын шешеді. Ең бастысы еліміз өркендеп, ынтымақ-бірлігіміз бекем болсын»- дейді Клара. Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы бірінші келушіге арнайы сыйлық табыстады.