Бүгін елімізде кезектен тыс Президент сайлауы өтуде

Келер ұрпақ үшін бұл сайлаудың жауапкершілігі мен маңызы ерекше! Бұл ел тарихындағы айтулы күн! Жаңа саяси кезеңдер мен бетбұрыстарға бастайтын Жаңа Қазақстанның алғашқы қадамдарының бірі дәл осы сайлау . Әр қазақстандық саяси науқанға бейжай қарамай, белсенді болса, келешегімізге оң әсер беретін бастамалар сәтті жүзеге асатыны анық.
Себебі, халық еркін таңдау арқылы елдің басшысына мемлекет келешегін тапсырады. Сондықтан әрбір мемлекет тұрғынының сайлау алдындағы жауапкершілігі жоғары деп ойлаймын.
Сайлауға бір кісідей жұмылып, ауызбірлікпен атсалысып, халық өз таңдауын жасауда жұмылған жұдырықтай бір ауыздан дауыс беруге шақырамын.

Ақсу ауданының құрметті азаматы. Аудандық ардагерлер, қоғамдық келісім кеңестерінің төрағасы Аманкелді Айтбаев

Мәліметпен бөлісу: