Өз таңдауын жасауға алғашқылардың бірі болып 39 сайлау учаскесіне таңдау жасауға келген жақында 18 жасқа толған Дәулетқызы Әмина өз дауысын берді.
«Бұл күннің менің өмірімде алар орны ерекше. Бүгін ел ертеңі үшін өз таңдауымды жасап, келешекке қарай нық қадам бастым деседе болады» — дейді сайлаушы.
Сайлау учаскелеріне алғашқы болып келіп, дауыс бергендерге естелік сыйлықтар табысталды.
Жалпы ауданда 44 сайлау учаскесі бар, таңғы сағат 7:00 бастап өз жұмысын бастады. Ауданда 7000 жуық жастар бар.