Бүгін Ақсу ауданында Қазақстан

Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауына алғашқылардың бірі болып таяуда ғана 18 жасқа толып, таңдау жасауға келген Эльдар Дидарұлы Мусанов өз дауысын беріп, естелік сыйлық алды.
«Бұл күннің менің өмірімде алар орны ерекше. Бүгін болашағымыздың жарқын болуы үшін өз таңдауымды жасап, келешекке қарай нық қадам бастым деседе болады» — дейді Эльдар Дидарұлы
Сайлау учаскелеріне алғашқы болып келіп, дауыс бергендерге естелік сыйлықтар табысталды.
Жалпы ауданда 43 сайлау учаскесі бар, таңғы сағат 7:00 бастап өз жұмысын бастады. Ауданда 7000 жуық жастар бар.

Мәліметпен бөлісу: