![](https://aksuoniri.kz/wp-content/uploads/2024/03/1403.jpg)
![](https://aksuoniri.kz/wp-content/uploads/2024/03/14031.jpg)
Бүгін 14 наурыз – Көрісу күні. Көрісу — тек адамдардың бір — біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Көрісу – татулық, мейірімділік, ізеттілік. Бұл – ұрпақты татулық пен бауырмалдыққа тәрбиелеу, ізеттілік пен мейірімге баулу үрдісі.
![](https://aksuoniri.kz/wp-content/uploads/2024/03/14032.jpg)
«Ақсу өңірі» ЖШС аудандық газетінің ұжымы баспасөз саласының ардагерлері Берлібек Аманбаев, Дүйсен Мұхаметшарұлы, Тілеухан Есеболатовты ауылда болмағандықтан телефон арқылы Ұлыстың ұлы күнінің алдында тойланатын қонақжай қазақ халқына ортақ ежелден келе жатқан көктем мерекесі «Көрісу күнімен» құттықтап, марқұм болған ардагерлеріміз Хасен Көптілеуов ағамыздың жары Камбаева Алтын апамыз бен Жеңіс Құрманғалиевтың жары Құрманғалиева Фарида тәтемізге жеміс толған себет сыйлап, мерекелік көңіл күй сыйладық.
![](https://aksuoniri.kz/wp-content/uploads/2024/03/14034.jpg)
Жаңа жастарыңыз, дана жастарыңыз құтты болсын!, Жастарыңызға жас қосылып, ғұмырларыңыз ұзақ болсын деген тілегімізді жеткіздік. Апаларымыз қуанып қалды.
![](https://aksuoniri.kz/wp-content/uploads/2024/03/14033.jpg)