Бұқаралық спорт – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛ

Ел Президентінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын аудан әкімдігінің үлкен мәіліс залында лет экран арқылы тыңдадық. Тыңдап отырсақ, Жолдауда барлығы да экономикалық дамуымызды жеделдетуге, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге, деннің саулығын сақтауға бағытталған бағдарлы қадамдар. Соның ішінде біздің салаға қатысты мәселені де жақсы көтеріп айтты. Иә, бұқаралық спортты дамыту мәселесінің мінберден көрінуі көңіл қуантады.

Президент өз сөзінде: «Баршаңызға мәлім, мен бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріп отырмын. Жастарымыз дені сау, мықты азамат болып өсуі керек. Сондықтан ұлт саулығын сақтау үшін бұқаралық спорттың маңызы айрықша. Жақында мен Олимпиадаға қатысушылармен кездестім, спорттағы нақты міндеттер мен басымдықтарға тоқталдым.

Шын мәнінде, бұл саладағы заңнаманы жаңартатын кез келді деп ойлаймын. Заңға енгізілетін өзгертулер бұқаралық спорт пен балалар спортын дамытуға зор серпін береді. Сондай-ақ, болашақ жеңімпаздар шоғырын даярлауға жол ашады. Депутаттар осы маңызды заң жобасына айырықша мән бергені жөн деп санаймын»,- деді. Шынымен де спорттың жалпыхалықтық сипат алуы, салауатты өмір салтының трендке айналуы құптарлық дүние. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын тың жол іздеу» тікелей осы спортпен шұғылдануға келіп тірелетіні мәлім. Сондықтан да бұқараның, әсіресе, жастарды осы бағытқа әуес болуы аса маңызды деп білеміз.

Мемлекет басшысы Жолдауын жолдап, спортты қолдап отырғанда бұқаралық спорттың кері тартуы мүмкін емес. Сондықтан аудан тұрғындарын спортпен айналысуға шақырамын. Президент Жолдауын бірге қолдайық.

Асхат Сауғанбаев,

 аудандық бұқаралық спорттық іс – шараларды ұйымдастыру орталығының директоры.

Мәліметпен бөлісу: