БҰҚАРА ЖҰРТ ОҢТАЙЛЫ БАСТАМАЛАРҒА ОҢ БАҒАСЫН БЕРДІ

Бүгін ҚР Президенттігіне Халықтық коа­лициядан ұсынылған үміткер Қ.Тоқаевтың Ақсу аудандық қоғамдық штаб мүшелері Марат Естібаев Дәулетұлы, Мағжан Шындәулет Мақсатұлы кандидаттың сайлауалды бағдарламасын таныс-тыру мақсатында Қаракөз ауылының тұрғындарымен кездесті.

Келелі кездесу барысында штаб мүшелері Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында алдағы үш жылда ауылдық жерлерді барынша дамыту көзделгенін жеткізді. Сол арқылы ауыл шаруашылығы экономиканың жаңа локомотивіне айналады. Мұны да спи­керлер тізбектеп тұрғындарға жеткізді.

— Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдар-ламасына сәйкес, ауылдық жерлерді дамытудың кешенді тұжырымдамасы қабылданады. Сол арқылы қазақтың қара шаңырағы саналатын ауылдардың тұрғындары қаладағыдай жайлы өмір сүреді. Осы уақытқа дейін даулы болып келген бос жерлерді мемлекет меншігіне қайтару үлкен үдеріспен жүзеге аса­ды. Ауылшаруашылық кооперативтері құрылып, жаңадан 350 мыңнан астам орны ашылады, — деді Марат Естібаев.

Жалпы шара барысында штаб мүшесі Мағжан Шындәулет Қасым-Жомарт Кемелұлының Әділетті Қазақстан құру бағытындағы барша реформалары қазақстандықтардың дәйекті дамуына үлкен серпін беріп, көңілдеріне сенім ұялатып отырғанын айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жангүл ЕРБОЛАТҚЫЗЫ,

аудандық партия филиалының эксперті.

Мәліметпен бөлісу: