Ақсу ауылдық округінде еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Ақсу ауылдық округ әкімі, «Ақсу» бастауыш партия ұйымының төрағасы С.Байжұманов, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты К.Дәулетбекова және «Nur Otan» партиясы Ақсу аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері
В.Берікқызы, Е.Сымханов дүкендердегі азық — түлік бағаларының тұрақтылығына мониторинг жүргізді. Бұл жүргізіліп отырған мониторинг дүкендерді тексеру емес — осындай қиын кезеңдерде күнделікті тұтынылатын азық — түлік бағаларының көтеріліп кетпеуін қадағалау. Шалғай ауылдардағы нан, макорон бұйымдары, қант, ұн, т.б. азық — түліктердің бағасы аудан орталығынан қымбат болмауын ескерту болатын. Бірақ бұл ауылда мұндай қажетті тауарлар бағасы тіпті аудан орталығынан арзандау, ауыл тұрғындарына қол жетімді екенін байқадық. Тіпті Ақсу ауылынан ары тұратын Жаңалық, Ойтоған, Қаракөз ауылының тұрғындары ұн сатып алу үшін аудан орталығына емес, осы ауылдан ала беретінін де естідік. Кейбір кемшіліктерді ескертіп, Ақсу ауылындағы екі дүкенге де жақсы баға бердік.
Серікбол МАНАП, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының консультанты.