Қазпочта ұжымымен конституциялық реформа талқыланды

Ақсу ауданында «Казпочта» акционерлік қоғамының еңбек ұжымымен «Конституциялық реформа» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Кездесудің мақсаты – елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың негізгі бағыттарын түсіндіру, олардың қоғам дамуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге және заң үстемдігін нығайтуға тигізер ықпалын талқылау болды.

Кездесуге Құрманғалиева Алма Жанатбекқызы – AMANAT партиясы Ақсу аудандық филиалының төрағасы, Сымханов Ербол – Ақсу өңірі газеті аудандық «Ақсу өңірі» газетінің жауапты хатшысы, Тлеубергенов Балғын Айдарқызы – Aqsy jastary жетекшісі қатысты.

Шара барысында спикерлер реформалардың ел болашағы үшін маңыздылығына тоқталып, еңбек ұжымы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар тарапынан қолдау тапты.

Мәліметпен бөлісу: