«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында аудандық партия филиалы мен аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен ардагерлер арасында Тоғызқұмалақтан аудандық жарыс өткізілді .
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Айтбаев қазақтың ұлттық интеллектуалдық ойыны Тоғызқұмалықтың шығу тарихы туралы және жарыстың ережесімен таныстырды. Жарыс соңында аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары К.Дәулетбекова жеңімпаздарды алғыс хатпен марапаттап, демеуші «Ақсу Береке» үкіметтік емес ұйымының төрағасы Е.Қалиев дайындаған сыйлықтарын табыс етті
Аудандық партия филиалының кеңесшісі
С.Манап