Қазақ тілінің заманауи құрылғылар мен қосымша қолданбалардағы рөлі

Қазақ тілі – қазақ халқының ежелден келе жатқан ең негізгі рухани мәртебесі, бейбітшіліктің көрсеткіші.

Алайда, қазіргі таңда қазақ тілінің қолданылу жиілігі төмендеуде. Жастар арасын­да ана тіліміз өз мәртебесін жоғалтуда десек қате болмас, өйткені, қазіргі жастар зама­науи құрылғыларды қолдануға, оның ішіндегі қосымша қолданбаларда сағаттап отыруға бейім, ал ол қолданбаларда қазақ тілінің дәріптелуі екіталай. Кез келген біреуінің ішін ашсаң, өзге тілдегі нұсқаулықтар өршіп тұрады. Қазақ тілінде қолданылатындарының саны өте аз тіпті жоқ десе де бола­ды. Заманауи құрылғылардың, яғни, смартфондардың параметрлерін алып қарасақ, олар да орыс не ағылшын тілінде жазылған, дегенмен тілді де қазақшалап өзгертуге болады, бірақ қайсы бірі оны қазақ тіліне ауыстырып жүрер дейсің…

«Егер нұсқаулық та, пара­метрлер де, смартфонның іші де өзге тілде болса, әу бастан пайдаланушының оны қазақ тіліне өзгертіп, артық жұмыс жасауының керегі неде?» деген сұрақ туындайды.

Ойланып қарасақ, пайдала­нушылар қатарына тек қазіргі жастар ғана емес, кішкентай балалар да кіреді. Алай­да, олар қазақша материал­дар көреді дейсіздер ме? Көз қызықтырар ағылшынша, орыс­ша видеороликтер көреді, жас кездерінен олардың санасы осы тілдерге бейімделе бастайды, нәтижесінде ана тілдің орнын өзге тіл баспақ. Бұл үдеріс, қазақ тілінің ежелден келе жатқан мәртебесін ескере отырсақ, мүлдем дұрыс емес.

«Болар бала бесігінен»,-деген дана халқымыз. Сол себепті балалардың қызығушылығын ескере отырып, оларды қазақ тіліне үйрету керек. Ол үшін не істей аламыз? Ең алды­мен, замануи құрылғылардағы нұсқаулықтарды, параметрлерді қазақ тіліне ауыстырған жөн. Құрылғыларды пайдаланушылардың күнделікті не көретіндерін қадағалап от­ыру қажет. Видеороликтердің қазақ тілінде болуы, қазақ тілді контенттің жоғары рейтинг көрсетуі. Қазақ тілінің зама­науи құрылғылар мен қосымша қолданбалардағы рөлі артқан сайын тіліміздің мәртебесі ар­тып, аясы кеңейетіні сөзсіз.

Бағлан ЖҮНІСОВ,

Суықсай ауылдық мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі.

Мәліметпен бөлісу: